«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы № 60 бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 17 шілдедегі № 67 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10555 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы ескеріле отырып, жылжымалы негізде бес жылдық кезеңге жыл сайын әзірленеді.»;
10-тармақта:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салық-бюджет саясатының мақсаттары мен басымдықтары;
3) бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: