«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысы бойынша Департаментінің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 369 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 61 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 16-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 369 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9886 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.»;
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
5-тармақтың 16) және 17) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«16) Сарқан аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы - Сарқан қаласы, Сарқан, Ақсу аудандары;
17) Қапшағай қалалық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы - Қапшағай қаласы, Кербұлақ, Балқаш аудандары, Шеңгелді және Заречный ауылдық округтері;»;