«2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 396 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 27-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 11-1, 11-2, 11-3 жолдармен толықтырылсын:
«
| 11-1 | Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істеген кезде қысқартылған жұмыс уақытының ұзақтығы мен қосымша ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын беру тәртібін жетілдіру | Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істеген кезде қысқартылған жұмыс уақытының ұзақтығы мен қосымша ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы бөлігінде мемлекеттік кепілдіктерді берудегі жаңа тәсілдерді әзірлеуге бағытталған талдамалық зерттеу | Қазақстан Республикасының Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | «Еңбекті қорғау жөніндегі республика лық ғылыми- зерттеу институты «РМҚК | 001 «Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» 103 «Социологиялық, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету» | 15966 |