«Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 365 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 45 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 365 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11219 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 тамызда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай түсініктер пайдаланылады:
1) аңшылық әуесқой атыстар - аңшылық қару иелерінің, аңшылық мақсатында қаруды пайдалану шеберлігін жетілдіру мүмкіндігін беретін бастапқы даярлық бағдарламасынан тыс даярлығы;
2) атыс аймағы - жандары және үсті қоршалған, нысаналар мен оқ ұстағыштар орналастырылған, оқтармен атылатын кеңістік. Онда сондай-ақ блиндаждар немесе көрсетушілерге және нысананы механикалық түрде орналастыруға арналған арнайы өзге де күркелер болуы мүмкін;
3) атыс галереясы - атыс позициялары (атыс орындары) орналасатын атыс шебінен және төрешілерге арналған (өту) аймақтан, команда өкілдеріне, бапкерлер мен көрермендерге арналған аймақтан тұратын аймақ;
4) атыс желісі - атушы одан шығып кетпеуі тиіс тирдің тік осьіне перпендикуляр шартты немесе белгіленген желі. Атыс кезінде қарудың ұңғысы атыс желісінің ар жағында болады;
5) атыс тирі - тирдің ішіндегі, сондай-ақ сыртындағы адамдардың жеке және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтік және азаматтық қарудан нысанаға атуға арналған үй-жай (объект);