«Жануарларды карантиндеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 177 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жануарларды карантиндеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10223 болып тіркелген, 2015 жылы 12 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарларды карантиндеу қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Ветеринариялық бөлімше жеке және заңды тұлғалардан алынған ақпарат негізінде күнтізбелік жеті күннен асырмай тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының келісімі бойынша ветеринариялық бөлімшенің басшысы бекітетін жануарларды карантиндеудің жоспарын әзірлейді. Ветеринариялық бөлімшемен келісілген және бекітілген жануарларды карантиндеу жоспарының көшірмесі, бекітілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күннің ішінде тиісті ақпарат алған жеке және заңды тұлғаларға жолданады.
Жануарларды карантиндеу жоспарында келтірілген жануарлардың карантиндеу шарттары және ұзақтығы, ветеринариялық өңдеумен оларды жүргізу уақыты көрсетіле отырып, диагностикалық зерттеуге жататын жануарлар ауруларының тізімі, ауру жануарлар, жануарлар ауруларына күдік туындаған кездегі іс-шараларды қос алғанда, ветеринариялық іс-шараларды орындауға жауапты тұлғалар көрсетіледі.