«Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 31 шілдедегі № 1194 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7586 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 мамырда № 136-137«Казахстанская правда» газетте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және құқықтық кадастрданақпаратты (бұдан әрі - ақпарат) ұсыну тәртібін айқындайды.»
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар саны туралы мәліметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының интернет-ресурсында тоқсан сайын жариялауға жатады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: