Осы редакция 2015 жылғы 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.26.07. № 501 бұйрығымен 3-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Денсаулық сақтау министірінің
міндетін атқарушы
2009 жылғы 6 қарашадағы
№ 666 бұйрығына 3-қосымша
Қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю
қағидалары
(2012.26.07. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю (бұдан әрі - Қағидалар) медициналық ұйымдарда (бұдан әрі - МҰ) қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтаудың, құюдың тәртібін айқындайды.
2. Құю пациент тамырына донорлық қанның компоненттерін және (немесе) препараттарын енгізу деп ұғынылады.
3. Қанды, оның компоненттері мен препараттарын құюдың негізгі қағидаттары:
1) қанды, оның компоненттері мен препараттарын қауіпсіз және тиісті пайдалануға ықпал ететін саясаттың бар болуы;
2) трансфузиялық терапия сапасын медициналық ұйым деңгейінде басқару жүйесін қанды, оның компоненттері мен препараттарын пайдалану мониторингі және бағалау жолымен құру;
3) барынша жеделдігін, қанды, оның компоненттерін және қан препараттарын қолданудың қауіпсіздігі мен негізділігін балама емдеуді жүргізудің қолда бар мүмкіндіктерін есепке ала отырып қамтамасыз ету;
4) қанды, оның компоненттері мен препараттарын пациент қанының зертханалық көрсеткіштері мен клиникалық деректері негізінде құю;
5) трансфузиялық терапияны жүргізуге қатысатын қызметкерлерді үздіксіз оқыту болып табылады.
4. МҰ-да қанды, оның компоненттері мен препараттарын құю қажеттілігін төмендету және мыналарды:
1) қанды, оның компоненттері мен препараттарын құю қажеттілігіне әкелетін жағдайларды профилактикалау, ерте диагностикалау және тиімді емдеу;
2) қан жоғалтуды төмендетуге арналған хирургиялық және қанды үнемдейтін әдістемелерді пайдалану;