«Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 13 шiлдедегi № 281-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 14 шілдедегі № 343-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 13 шiлдедегi № 281-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33096 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары;»;
10-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының өкілеттілігі тоқтатылған жағдайда;».
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.