«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 1089 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 339 бұйрығымен күшi жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
123-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына:
құқықтық мирасқордың квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына;
квазимемлекеттiк сектор субъектiсi құрылтайшысының шотына;
белгіленген тәртіпте инвестициялық жобаны іске асыруды жалғастырып отырған квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына (бұл ретте, егер құқықтық мирасқорға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен инвестициялық жобаны іске асыруды жалғастыру құқығы берiлсе);»;
187-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: