ҚР Қаржы министрінің 2022.18.01. № 49 бұйрығымен 13-1 - 13-2-қосымшаларымен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 20 қаңтардағы
№ 39-бұйрығына 13-1-қосымша
Осы редакция 2026 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды












































Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 20 қаңтардағы
№ 39-бұйрығына
13-2-қосымша
«Корпоративтік табыс салығы және үстеме пайда салығы бойынша декларация
(150.00-нысан)» салық есептілігін жасау
қағидалары
(2024.14.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 2024.25.11. № 783 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 14 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы «Корпоративтік табыс салығы және үстеме пайда салығы бойынша декларация (150.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленген және «Корпоративтік табыс салығы және үстеме пайда салығы бойынша декларация» (бұдан әрі - КТС және ҮПС) есептеуге арналған КТС және ҮПС бойынша салық есептілігі нысанын (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны:
Салық кодексінің 722-бабы 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдаланушыларды;
жер асты суларын, емдік балшықтарды барлау және (немесе) өндіруді, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты ғимараттарының құрылысын және (немесе) пайдалануға беруді, Салық кодексінің 746-бабының 13-кестесінде көрсетілген тек кенді емес пайдалы қазбалардың, базалық құрылыс материалдарын өндіру және (немесе) барлауды жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар жасайды.