ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 2023.30.03. № 307 бұйрығымен 125, 126-қосымшалармен толықтырылды (2023 ж. 16 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді және 2023 ж. 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрінің
2020 жылғы 20 қантардағы
№ 39 бұйрығына
125-қосымша























Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрінің
2020 жылғы 20 қантардағы
№ 39 бұйрығына
126-қосымша
«Қосылған құн салығы бойынша декларация (300.00-нысан)» салық есептілігін жасау
қағидалары
(2026.19.04. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Қосылған құн салығы бойынша декларация (300.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Салық кодексінің 10-бөліміне сәйкес қосылған құн салығы сомасын есептеуге арналған «Қосылған құн салығы бойынша салық декларация» есептілігінің нысанын (бұдан әрі - ҚҚС) (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды.
2. Декларация декларацияның өзінен (300.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (300.01-ден бастап 300.09-ге аралығы нысандар) тұрады.
3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Декларацияға қосымшалар декларациядағы тиісті көрсеткіштерді ашып көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті түрде жасалуы тиіс.
6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды.