Введите номер документа
Прайс-лист

«Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 241 бұйрығы

Информация о документе
Датачетверг, 11 июля 2019
Статус
Действующийвведен в действие с 30 июля 2019
Дата последнего изменениячетверг, 11 июля 2019

«Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 241 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9936 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 15 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларында:

8, 9, 10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Жеткізуші газ жеткізудің белгіленген орташа тәуліктік нормасы шегінде бір ай ішінде тең көлемде, ал қажет болған жағдайда тараптар мен тасымалдаушының келісімімен диспетчерлік график бойынша жеткізеді, ал өнеркәсіптік тұтынушы оны алады (іріктеп алады).

9. Күзгі-қысқы кезеңдегі температураның ауытқуынан туындаған өнеркәсіптік тұтынушыға газ жеткізудің орташа тәуліктік нормасының асып кетуі газ қоймасындағы газдың технологиялық қоры есебінен, сондай-ақ газ иесімен (егер жеткізуші иесі болып табылмаса) және тасымалдаушымен келісім бойынша жеткізушінің басқа да көздері есебінен жабылуы мүмкін. Мұндай жағдайда газды нормативтен артық іріктеп алу газ жеткізудің (тұтынудың) орташа тәуліктік нормасының 5 %-нан асып кетуі мүмкін емес.

10. Өнеркәсіптік тұтынушыға газды бөлшек саудада өткізудің (тұтынудың) орташа тәуліктік нормасы 5 %-дан асқан жағдайда, тасымалдаушыға жеткізушінің келісімі бойынша осы туралы тұтынушыны ескерткен сәттен бастап үш сағат өткеннен кейін газ жеткізудің (тұтынудың) орташа тәуліктік нормасына дейін газды жеткізуге мәжбүрлі түрде шектеу жүргізу құқығы беріледі.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом