Введите номер документа
Прайс-лист

«Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығына 17-қосымша) (2019.04.05. берілген толықтырулармен) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 28 апреля 2015
Статус
Утратил силу
утратил силу с 20 июня 2020

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.04.05. № 274 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен толықтырылды

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 501 бұйрығына

17-қосымша

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығымен күші жойылды

 

«Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2019.04.05. берілген толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімді:

1) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

2) лицензияны қайта рәсімдеу - 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәжді түрде бас тартады.

Өтінішті беру кезі облыстың жергілікті атқарушы органына өтініш келіп түскен күнмен және уақытпен айқындалады және есепке алуға жатады.

Берілген өтініш туралы мәліметтер өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде облыстың жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында орналастыруға жатады және:

1) өтініш иесінің тегін, атын және әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами