«Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 23 маусымдағы № 34 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18545 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларында:
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Әрбір айырбастау пунктінде клиенттердің көруі үшін қолжетімді жерде мынадай ақпарат:
1) Банктер туралы заңның 30-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес лицензияны алу талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, қазақ және орыс тілдеріндегі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияның көшірмесі;
2) уәкілетті ұйымдар үшін - Ұлттық Банктің аумақтық филиалы осы айырбастау пунктіне берген қолданыстағы лицензияға қолданыстағы қосымшаның көшірмесі;
3) уәкілетті банктер үшін - Ұлттық Банктің аумақтық филиалының жазбаша растамасының көшірмесі (осындай растама алған айырбастау пункттері үшін) не айырбастау пункті куәлігінің көшірмесі (Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін айырбастау пунктінің куәлігін алған айырбастау пункттері үшін);
4) айырбастау пунктінде сатып алу және (немесе) сату операциялары жүргізілетін әрбір шетел валютасы үшін белгіленген, теңгемен қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамы және (немесе) сату бағамы туралы мәліметтер қамтылатын клиенттерге арналған ақпараттық стенд (биіктігі кемінде 0,4 метр және ені 0,4 метр) орналастырылады.