Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № A-9/426 Қаулысымен күші жойылды
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қыркүйектегі
№ А-10/446 қаулысымен
бекітілді
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді,
өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол - құрылыс машиналары мен
механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол - құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысының облыстық маңызы бар аудандардың және қалалардың ауыл шаруашылығы бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - Портал) арқылы жүргізіледі.
2. Мемлекеттік қызметтің көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандарылған) немесе қағаз түрінде.
3. Куәлік, куәліктің телқұжаты, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол - құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқаруына берілген куәлікті ауыстырған кезде (ауысқан кезде) куәліктің ескі үлгісін беру мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады (бұдан әрі - тракторшы-машинистің куәлігі).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң