2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-1-тармағы 2) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2026 жылғы 9 маусымдағы № 84-НҚ нормативтік қаулысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТЫНАН
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төраға Э.Ә. Азимова, судьялар А.Қ. Ескендіров, Қ.Т. Жақыпбаев, А.Е. Жатқанбаева, А.Қ. Қыдырбаева, Қ.С. Мусин, Б.М. Нұрмұханов, Е.Ә. Оңғарбаев және Р.А. Подопригора қатысқан құрамда,
өтініші субъектісі А.В. Невротовтың және оның өкілі - Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты М.К. Серикбаевтың,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі - Төраға орынбасары С.С. Мүксімовтің,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі Т.Б. Адамовтың,
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі - бірінші вице-министр А.М. Ертаевтың,
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілі - Қоғамдық даму саласындағы заңнама департаментінің директоры Б.Б. Байкеновтің,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының өкілі - Заңнама бөлімінің сектор меңгерушісі А.Т. Құлыясованың,
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының өкілі - Заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары Н.А. Сартаеваның,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының өкілі - Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры В.В. Ханның,
Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының өкілі - аға ғылыми қызметкер А.А. Сейдімбектің,