Осы редакция 2017 жылғы 27 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ 56 бұйрығына
9-қосымша
Мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің
сипаттамасы
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 20-бабына сәйкес әзірленді.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 мамырдағы № 643 қбпү қаулысымен бекітілген Құқық қорғай органдарына жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды тікелей орындайтын қызметкерлерге біліктілік сыныптарын белгілеуге құқық беретін лауазымдар тізбесіне енгізілген мемлекеттік кірістер органдары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) үшін пластикалық куәліктер жиектерінен 3 мм радиуспен жұмырланған 70 мм*100 мм мөлшерінде ақ глянцті пластиктен жасалады.
3. Куәлік пластик материалдан жасалған және екі беттен: негізгі мен қосымша парақтан тұрады.
Қызметтік куәліктің негізгі реңі ашық көк түсті, күрделі құрастырылған гильоширлі (тангирлі) тордан тұрады. Тордың негізі күрделі құрастырылған және иілген-дөңес (көлемді) құрайтын әртүрлі түстегі өзара қиылысатын сызықтардан тұрады.
4. Қызметтік куәліктің негізгі парағында мынадай мәліметтер көрсетіледі. Куәліктің жоғарғы бөлігінде шетінің жоғары жиегінен 3 мм. қашықтықта қызыл түспен «МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ҚЫЗМЕТІ» деген сөздер және мемлекеттік кірістер органының атауы жазылған.
Жоғарғы бөлігі негізгі бөліктен қызыл түсті сызықпен ажыратылған. Қызыл түсті сызықтан 3 мм. қашықтықта куәліктің ортасында мемлекеттік тілде қара қаріппен «КУӘЛІК» деген сөз, куәліктің сериясы мен нөмірі көрсетіледі.