Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) БАҒА БЕЛГІЛЕУ МЕН ТАРИФТІК САЯСАТ НЕГІЗДЕРІН ҚОСА АЛ...

Информация о документе
Датачетверг, 28 октября 2021
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 28 октября 2021

Еуразиялық экономикалық

одақ туралы шартқа

№ 21 ҚОСЫМША

 

Осы редакция 2022 жылғы 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы

ХАТТАМА

 (2021.28.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың (бұдан әрі - Шарт) 81 және 82-баптарына сәйкес электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз етудің бірыңғай қағидаттары мен қағидаларын айқындайды.

2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:

«электр энергиясына (қуатына) ішкі қажеттілік» - электр энергиясының (қуатының) тиісті мүше мемлекеттердің аумағында тұтыну үшін қажетті көлемдері;

«электр энергетикасы саласындағы табиғи монополия субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділік» - мүше мемлекеттердің біреуінің ішкі нарық субъектісінің басқа мүше мемлекет аумағындағы электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектісінің көрсетілетін қызметтерін пайдалану мүмкіндігі;

«электр энергиясымен (қуатымен) алмасу» - мүше мемлекеттердің шекарасында (шекараларында) орналасқан түрлі жеткізу нүктелері арқылы өзара байланыста және бір мезгілде тең көлемдегі электр энергиясын (қуатын) электр энергетикасы жүйесіне жеткізу және одан алу;

«электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру» - мүше мемлекеттердің уәкілетті ұйымдарының электр энергиясын (қуатын) ауысу және (немесе) олармен алмасу бойынша қызметтер көрсетуі. Мүше мемлекеттер заңнамасының ерекшеліктеріне қарай тиісті қарым-қатынастар беру (транзит) жөніндегі қызметтер көрсету шарттарымен немесе электр энергиясын (қуатын) сатып алу-сату шарттарын қоса алғанда, өзге де азаматтық-құқықтық шарттармен ресімделеді;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом