«Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы №267 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № 1213 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2026 жылғы 20 мамырдағы № 324 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 267 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16688 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 399-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларында:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Осы тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) 399-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 10-1), 11), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін айқындайды.»;
4-тараудың тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 10), 10-1) және 11) тармақшаларында көрсетілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібі»;
12-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«12. Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 10), 10-1) және 11) тармақшаларында көрсетілген тауарлардың импорты, қосылған құн салығынан босатылады.»;
13 және 14-тармақтар келесі редакцияда жазылсын: