«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 3 ақпандағы №3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 20 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 3 ақпандағы № 3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19989 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларында:
3-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кадр резерві – Агенттік қызметшісінің бос лауазымына кейіннен орналасу үшін конкурстан немесе іріктеуден cәтті өткен адамдардың тізімі;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссия – Агенттік қызметшісінің бос лауазымына конкурстан тыс орналасу жөнінде шешім қабылдайтын Агенттіктің алқалы органы;
8-2) кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия – кадр резервін қалыптастыру мақсатында іріктеуді жүзеге асыратын Агенттіктің алқалы органы;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: