Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2026 жылғы 23 маусымдағы № 305 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын әзірлеу және бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 47 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31894 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
14) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру ұйымдарындағы философия докторы (PhD) дәрежесі берілетін дипломның нысаны;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру ұйымдарындағы бейіні бойынша доктор дәрежесі берілетін дипломның нысаны;»;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14) осы бұйрыққа 14-1-қосымшаға сәйкес ерекше мәртебесі жоқ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру ұйымдарындағы философия докторы (PhD) дәрежесі берілетін дипломның нысаны;»;
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15) осы бұйрыққа 15-1-қосымшаға сәйкес ерекше мәртебесі жоқ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру ұйымдарындағы бейіні бойынша доктор дәрежесі берілетін дипломның нысаны;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: