«Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 13 мамырдағы № 50 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21560 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған Бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төменгі стандарттарында (бұдан әрі - Стандарттар):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттары (бұдан әрі - Стандарттар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 71) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен (бұдан әрі - МБ) жарақтандыру стандарттарына қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.»;
2-тармақта:
1-1) тармақша мынадай мазмұндағы толықтырылсын:
«1-1) осы Стандарттарға 1-1-қосымшасына сәйкес ауыл халқына амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелерінің жарақтандыруының ең төменгі стандарты;»;
43) және 44) тармақшалары мынадай мазмұндағы толықтырылсын: