Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 қарашадағы № 726 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер» функционалдық тобында:
3 «Сыртқы саяси қызмет» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 164 бюджеттік бағдарламасы бар 608 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«608 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi
164 Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуын қамтамасыз ету»;
04 «Бiлiм беру» функционалдық тобында:
1 «Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту» функционалдық кіші тобында:
224 «Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
003 «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 107 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
«107 Түркістан облысының бюджетіне мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақта жұмыс істегені үшін қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
2 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру» функционалдық кіші тобында:
224 «Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
004 «Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 127 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын: