«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерінің, оның ішінде халықаралық ұйымдарымен бірлескен зерттеулерінің бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 461 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 335 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтік зерттеулерінің, оның ішінде халықаралық ұйымдарымен бірлескен зерттеулерінің бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 461 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15034 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 23-бабы 1-тармағының 9-3) тармақшасын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:»;