ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, Кеңес төрағасы айқындайтын мерзімдерде, бірақ жарты жылда бір реттен сиретпей өткізіледі.
Кеңес төрағасының шешімі бойынша мәселелерді сырттай дауыс беру арқылы шығаруға және қарауға жол беріледі. Сырттай дауыс беру қағаз жеткізгіште жүргізіледі. «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қамтитын жобалар бойынша дауыс беру мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.