Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ М. А. 2015...

Информация о документе
Датавторник, 24 февраля 2015
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 24 февраля 2015

Осы редакция 2015 жылғы 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

міндетін атқарушының

2015 жылғы 24 ақпандағы

№ 171 бұйрығына

3-қосымша

 

 

Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету

қағидалары


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне, «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидалардың қолданысы тіркелген немесе жылжымалы байланыс және олармен технологиялық жағынан байланысты қызметтері арқылы Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсететін барлық операторларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сондай-ақ осы қызметтердің абоненттеріне және (немесе) пайдаланушыларына қолданылады.

3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) абонент - абоненттік нөмір, абоненттік желі және (немесе) сәйкестендіру коды осы мақсаттар үшін бөліне отырып, байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шартты жасасқан жеке немесе заңды тұлға;

2) авторландыру - абоненттің және (немесе) пайдаланушының енгізген аутентификациялық деректерін байланыс операторының серверінде талдау процесі нәтижесінде абонентте және (немесе) пайдаланушыда Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін алуға құқықтарының болуы анықталады;

3) аутентификациялық деректер - Интернетке желісіне қол жеткізу қызметтерін және/немесе олармен технологиялық жағынан байланысты қызметтерді алу құқықтарын растау үшін пайдаланатын абоненттің және (немесе) пайдаланушының бірегей логині (login) және паролі (password), аутентификациялық деректер ретінде абоненттік нөмір де пайдаланылуы мүмкін;

4) биллинг - абоненттерге көрсетілетін қызметтерді есепке алу операцияларын автоматты түрде орындауға, сондай-ақ оларды тарифтеуге және ақы төлеу үшін шоттар беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом