Осы редакция 2019 жылғы 2 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 30 бұйрығына
1-қосымша
«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру,
жөндеу және сату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2018.30.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және сату бойыншақызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018.30.05. № 44/қе бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші, оның ішінде www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018.30.05. № 44/қе бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018.30.05. № 44/қе бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап:
лицензияны беру - 15 жұмыс күні;