«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 1042 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 81-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 81. | Лифт өндірісі | 28224 | республикалық меншік / коммуналдық меншік | 1) «Гидроприбор» ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы; 2) «Зенит «Орал зауыты» акционерлік қоғамы; 3) «Decarbonize Solutions Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Қазақстан Республикасы | үнемі, «Decarbonize Solutions Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты 2030 жылғы 13 желтоқсанға дейін |
»;
реттік нөмірі 177-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«