Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАНКТІҢ ЖӘНЕ БАНК КОНГЛОМЕРАТЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙІ...

Информация о документе
Датавторник, 10 сентября 2019
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 10 сентября 2019

Банктің және банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және Банктің (банк конгломератының) қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 317 Қаулысы

(2019.10.09. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2020 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін мынадай факторлар белгіленсін:

1) өтімділік коэффициенттерінің төмендеуі;

2) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, олардың ұлғаюы;

3) таза жіктелген қарыздардың меншікті капиталға арақатынасының ұлғаюы;

4) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, олардың ұлғаюы;

5) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, олардың банктің несие портфелінің жалпы көлемі бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде оған қатынасының асып кетуі;

6) жіктелген дебиторлық берешек бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегендегі оның жиынтық дебиторлық берешектегі үлесінің ұлғаюы;

7) активтер рентабельділігі коэффициентінің төмендеуі;

8) ұлттық валютамен бос активтердің ұлттық валютамен талап етуге дейінгі міндеттемелерге қатынасының орташа мәнінің төмендеуі;

9) ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.10.09. № 151 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом