Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 14 шілдедегі № 358 бұйрығы

Информация о документе
Датапонедельник, 14 июля 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 28 июля 2025
Дата последнего измененияпонедельник, 14 июля 2025

«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 14 шілдедегі № 358 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:

104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«104. Конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету осы Қағидаларда көзделген шарттарға сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайда әлеуетті өнім беруші тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың үш пайызы мөлшерінде мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді.

«Толық бітіріп берілетін құрылыс бойынша конкурс» тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайда әлеуетті өнім беруші конкурсқа бөлінген соманың үш пайызы мөлшерінде мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді.

Конкурсқа, аукционға, бірнеше лот бойынша баға ұсыныстарын сұратуға қатысқан жағдайда әлеуетті өнім беруші конкурсқа, аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді, әрбір лотқа баға ұсыныстарын сұратуды жеке ұсынады.

Конкурсқа, аукционға, баға ұсыныстарын сұратуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сәйкестігін әлеуетті өнім беруші қатысуға тиісті өтінімді берген кезде веб-портал автоматты түрде айқындайды.»;

300, 301 және 302-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом