«Бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді, сондай-ақ жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидаларын және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 488 бұйрығына өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 381 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 697 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді, сондай-ақ жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидаларын және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 488 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20653 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 20 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер пен толықтыру енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы қолда бар мәліметтерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидаларын және нысандарын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған: