Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/121-VIІ шешімі
Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Түркістан облыстық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 54/557-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5953 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
1) кiрiстер – 981 895 666 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер – 35 586 899 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер – 10 348 407 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 215 675 мың теңге;
трансферттер түсiмi – 935 744 685 мың теңге;
2) шығындар – 1 017 113 989 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 30 298 328 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 51 815 004 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 21 516 676 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 70 258 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 233 036 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдері – 162 778 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы – - 65 586 909 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 65 586 909 мың теңге.»;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. 2021 жылға облыстық бюджетке және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері келесідей мөлшерлерде белгіленсін:
ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне – 50 пайыз;
облыстық бюджетке басқа аудандардан (облыстық маңызы бар қалалардан) – 50 пайыз;
төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша:
Бәйдібек ауданының бюджетіне – 29,8 пайыз;
Жетісай ауданының – 43 пайыз;
Қазығұрт ауданының – 49,5 пайыз;
Келес ауданының – 43,7 пайыз;
Мақтаарал ауданының – 47,9 пайыз;
Ордабасы ауданының – 44 пайыз;
Отырар ауданының – 49,3 пайыз;
Сайрам ауданының – 36,5 пайыз;