«Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 100 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10467 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жалдау шарты оның талаптары тиісінше орындалған кезде шарттың қолданылу мерзімін ұзарту құқығымен 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімге жасалады.
Инвестициялар туралы қол қойылған келісімдер шеңберінде жалға берілген не берілетін объектілерге бұл қолданылмайды - жалдау шартының қолданылу мерзімі, шарт талаптарының тиісінше орындалуы кезіндегі ұзартуды ескере отырып, 25 (жиырма бес) жылдан аспауға тиіс.
Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту негізгі шартқа қосымша келісім жасасу жолымен жүзеге асырылады.
Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы қосымша келісімдер 2 (екі) реттен артық жасалмайды, бұл ретте ұзартудың жиынтық мерзімі 3 (үш) жылдан аспауға тиіс.
Қол қойылған инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде жалға берілген не берілетін объектілерді қоспағанда, негізгі шартты және қосымша келісімдерді қоса алғанда, шарттың жалпы қолданылу мерзімі 6 (алты) жылдан аспауға тиіс.