Атырау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 497-VІ «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 маусымдағы № 50-VII шешімі
ШЕШТІ:
1. VІ шақырылған Атырау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 497-VІ «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4838 тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет тиiсiнше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның iшiнде 2021 жылға келесідей көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кірістер - 470 479 222 мың теңге, оның ішінде
салықтық түсімдер - 144 688 053 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3 285 087 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 13 000 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 322 493 082 мың теңге;
2) шығындар - 473 080 685 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 10 908 758 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік несиелер - 21 479 763 мың теңге;
бюджеттік несиелерді өтеу - 10 571 005 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 10 427 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 21 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 10 573 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 13 520 648 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 13 520 648 мың теңге:
қарыздар түсімі - 14 142 238 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 12 192 202 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 11 570 612 мың теңге.».
6-тармақта:
«2 899 152» деген сандар «2 242 392» деген сандармен ауыстырылсын.
11-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«11. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте 41 739 223 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен ағымдағы нысаналы трансферттері ескерілсін, оның ішінде:
ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын көтеруге - 349 766 мың теңге;