«Инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 144/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 132/нқ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 143/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19015 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне (бұдан әрі – ҚЭН) сараптама (бұдан әрі – сараптама) жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: