«Адвокат, заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 434 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 521 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Адвокат, заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 434 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 32953 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерлерінде:
1-тармақтың:
1) тармақшасында:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қорғалуға құқығы бар куәгерді, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның немесе оған аса ауыр қылмыс жасады деп тағылған айыптан ақталғанның;»;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: