«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 және «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 3 қазандағы № 103 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 50-1-тармақпен толықтырылсын:
«50-1. Табиғи монополия субъектісі сатып алуды Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесімен және (немесе) мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланған электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі (Бірыңғай сатып алу платформасы) арқылы жүзеге асырады.».
2. «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
208-86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«208-86. Бірінші реттеу кезеңінің бірінші жылындағы персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар субъект персоналының нормативтік саннан аспайтын нақты санына және өтінім берудің алдындағы жылға статистика деректері бойынша қалыптасқан экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес субъект қызмет көрсететін өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) орташа айлық номиналды жалақыны негізге ала отырып айқындалады.