Осы редакция 2015 жылғы 13 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 301 бұйрығына
9-қосымша
«Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін қысқарту, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растау саласындағы кәсіби верификациялық және валидациялық (детерминациялық) қызметті жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін қысқарту, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растау саласындағы кәсіби верификациялық және валидациялық (детерминациялық) қызметті жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
куәлік беру - 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей;
куәлікті қайта рәсімдеу - 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей;
куәліктің телнұсқасын беру - 3 (үш) күнтізбелік күннен кешіктірмей.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.