«Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 167 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларында:
11-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«6-1) автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу объектілері бойынша жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, жол активтерін басқару жөніндегі функциялары жүктелген автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қарамағындағы тұлғамен жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу бойынша шаралар қабылдайды;»;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын: