Осы редакция 2018 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қостанай облысы әкімдігінің 2017.29.09. № 486 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентi жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қостанай облысы әкімдігінің
2016 жылғы 10 маусымдағы
№ 266 қаулысына 5-қосымша
«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2017.29.09. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - Портал) жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру, ол мыналарды қамтиды:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекітілген «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес жұмысқа орналасуға жолдама;
Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес жастар практикасына жолдама;
Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама;
Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстарға жолдама не Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.