«Аудиторлық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 724 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 65 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 1285 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 127 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Аудиторлық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 724 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 65 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19068 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6 тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аудиторлық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін аудиторлық ұйымдарға қатысты аудиторлық қызмет саласындағы тексеру парақтары;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін кәсіби аудиторлық ұйымдарға қатысты аудиторлық қызмет саласындағы тексеру парақтары;