Введите номер документа
Прайс-лист

«Сауда саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2025 жылғы 4 қарашадағы № 312-НҚ бұйрығы

Информация о документе
Датавторник, 4 ноября 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 9 января 2026
Дата последнего изменениявторник, 4 ноября 2025

«Сауда саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2025 жылғы 4 қарашадағы № 312-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Сауда саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20135 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы «Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттiк қызметін көрсету қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 5) тармақшасына сәйкес әзірлеген және жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер) тәртібін айқындайды.»;

4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына немесе импортына лицензия беру туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш);»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне көліктік қолтаңба қою арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін портал толық автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом