«2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/69-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 15 қарашадағы № 18/138-VIII шешімі
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/69-VIII шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 467 262 008,7 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 87 109 645,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 6 001 177,5 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 13 839,4 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 374 137 346,2 мың теңге;
2) шығындар - 458 243 125,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 12 129 306,7 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 24 505 730,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 12 376 423,3 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 7 705 523,8 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 7 705 523,8 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -10 815 947,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 10 815 947,4 мың теңге:
қарыздар түсімі - 22 686 280,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 17 926 727,3 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 6 056 394,7 мың теңге.»;
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. 2024 жылға арналған облыстық бюджетте аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен:
білім беру саласындағы атқарушы органдардың және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің функциялары мен штат санының лимиттерін аудандық деңгейден облыстық деңгейге беру - 54 001 603,5 мың теңге;