«Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28наурыздағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № 565 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7586 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
корсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық кадастрдан ақпарат беру қағидаларында:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттіктері адвокат куәлігімен және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламамен расталады.
Уақытша, банкроттық және оңалту басқарушыларының өкілеттігі соттың борышкерді дәрменсіз деп тану туралы шешімімен және сыртқы бақылауды енгізу туралы ұйғарымымен және банкроттық саласындағы уәкілетті органның уақытша, банкроттық және оңалту басқарушыларын тағайындау туралы бұйрығымен расталады.
Мәжбүрлі таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушы) өкілеттігі тарату комиссиясының құрамын тағайындау туралы бұрығымен және тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхатпен расталады.
Мұрагерлердің жылжымайтын мүлікке мұра берушіге тіркелген құқықтары туралы ақпарат алуға өкілеттігі мұраға құқығы туралы куәлікпен немесе мүліктік емес құқықтардан тұратын мұраға құқығы туралы куәлікпен расталады.
Кондоминиум объектісі қатысушының өкілеттігі құқық белгілейтін құжатты не кондоминиумның осы қатысушысына меншік құқығының негізінде жататын жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісіне құқық белгілейтін құжатының нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе кондоминиум қатысушыларының жалпы жиналысының кондоминиум қатысушылары өкілдерінің өкілеттігін растайтын хаттамасын ұсынумен расталады.