«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 шілдедегі № 594/қе-қа бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 17 тамыздағы № 114/қе бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 шілдедегі № 594/қе-қа бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 170029 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті туралы ереженде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Департаменттің құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰҚК Төрағасы бекітеді.
Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, бөлімшелерден, топтардан тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:
1) Алакөл аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы - Жетісу облысының Алакөл ауданы;
2) Алакөл аудандық бөлімінің Достық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы - Жетісу облысының Достық ауылдық округі;
3) Қаратал аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы - Жетісу облысының Қаратал және Көксу аудандары;
4) Панфилов аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы - Жетісу облысының Панфилов ауданы;
5) Панфилов аудандық бөлімінің Қорғас бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы - Жетісу облысы Панфилов ауданының Атамекен және Басқұншы ауылдық округтері;
6) Сарқан аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы - Жетісу облысының Сарқан және Ақсу аудандары;