«Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 838 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 бұйрығына (бұдан әрі - Қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15564 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 қыркүйекте Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларында:
2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) күдiктiлер мен айыпталушылардың хаттарды, ақшалай аударымдарды алуы және жіберуі;»;
8-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«туу туралы куәлiк немесе баланың медициналық ұйымда туғанын растайтын құжаттары, баланы асырап алу құжаты, ал мұндай құжаттар болмаған жағдайда қылмыстық iс өндірісіне берілген анықтау жүргiзетiн адамның, тергеушiнiң, прокурордың немесе соттың жазбаша нұсқауы болуын тексереді (үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдi тергеу изоляторына қабылдау үшiн).»;
59-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: