«Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-3/1084 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 441 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-3/1084 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12897 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру тәртібі»;
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Бірінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал мәртебесі ол мынадай өлшемшарттарға сәйкес болған кезде беріледі:
1) өнімділіктің етті бағыттағы тұқымдары үшін:
жануар тегінің әкесі және енесі жағынан кемінде үш қатары бойынша тұқым-тегі туралы дұрыс мәліметтердің болуы;
әкесі жағынан дұрыстығын айқындайтын генетикалық сараптаманың болуы (Қазақстан Республикасы аумағында туылған жануарлар үшін);
асыл тұқымдық құндылығының индекстік бағалауы, оның ішінде төлдеу жеңілдігі, туған кездегі салмағы, енесінен айырған кездегі салмағы және тиісті жасқа жеткен кезде бір жастағы салмағы бойынша индекстік бағалауы болуы;
таза тұқымдылық;