«Елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 307 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қызылорда облысы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 18 Қаулысы
Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 307 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5368 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасының 31-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жол жамылғылары бойынша, соның ішінде:
цемент-бетонды жабындысы бар жабынды автожолдар бойынша:
тозған тақталарды алмастыру, темір-бетон төсемдерінің жеке тақталарын көтеру немесе тегістеу;
қорғау қабатын салу, үлкен ұзақтықтағы темір-бетон тақталарының және цемент-бетон төсемдерінің жапсарларын жөндеу, жеке учаскелерде асфальт-бетон қабатын салу;
асфальт-бетонды және өтпелі жабынды автожолдар бойынша: