Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) КОНЦЕССИЯ ШАРТТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ, КОНЦЕССИЯЛЫ...

Информация о документе
Датачетверг, 19 декабря 2019
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 19 декабря 2019

ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018.27.02. № 80 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2014 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 157 бұйрығына

3-қосымша

 

Осы редакция 2022 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық

жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау

қағидалары

(2019.19.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Концессиялар туралы» Заңның 9-бабының 7-8) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.

Осы Қағидалар концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) бағдарламалық қамтамасыз ету-бағдарламалардың, бағдарламалық кодтардың, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті техникалық құжаттамасы бар бағдарламалық өнімдердің жиынтығы;

2) мемлекеттік мүлік тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - арнаулы мемлекеттік органдардың жедел басқаруындағы мүлікті және мемлекеттік материалдық резервті қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі.

 

 

2-тарау. Концессия шарттарының мониторингін жүргізу тәртібі

 

3. Республикалық және коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингі концессия объектісін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану жөнінде ақпарат жинау және талдау жүйесін білдіреді.

4. Концессия шарттарының мониторингін:

республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша - республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;

коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом