«Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығымен бекітілген Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларының 23-тармағының қолданысын тоқтату туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 743 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығымен бекітілген Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11602 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 шілдеде жарияланған) 23-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте: